Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған «Қазақстан тарихы жөніндегі әңгімелер» электрондық оқулығы (ЭО) жалпы орта білім беретін Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандартқа сай өңделген. Модульдік технология бойынша құрылған ЭО оқу бағдарламасына сәйкес жасалып, «Қазақстан тарихы» пәнінің оқу-тәрбиелік міндетін және негізгі мақсатын іске асыруға мүмкіндік береді. «Қазақстан тарихы жөніндегі әңгімелер» ЭО аталған пән жөніндегі оқушылардың білімін кеңейту мақсатын көздейді, сондай-ақ, жасөспірім ұрпақтарды патриоттық сезімге тәрбиелеуге, ұлттың тарихы мен мәдениетін құрметтеуге, қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді. ЭО 5 тақырып бойынша саяхат жасау түрінде құрылған: • «Дала қайнарлары» • «Түріктер алқабы» • «Сұлулық жазирасы» • «Буырқанған өзен» • «Болашақ шыңы» Электрондық оқулықтың мазмұны осы оқулықта оқушымен мұғалім-автордың жанды қатынас жасауы түріне құрылған, осы арқылы оқушы адамның шығу тегі мен дамуы, алғашқы түрік мемлекетінің құрылуы, Қазақ хандығының пайда болуы туралы әңгімелер табады, ХХ ғасырдағы біздің еліміздің тарихындағы жағдайларды біледі. Оқулық материалы мультимедиалық жанбітірімдердің көмегімен түсіндіріледі. Мұндай оқулықтың суреттеліп берілуі оқушының Қазақстанның өткені мен қазіргісінің қоғамдық даму мәселелерін жақсы түсінуіне және ойлануына көмектеседі. ЭО-да барлығы 12 жанбітірім және 4 бейнематериал бар. Бұл оқулықтың ерекшелігі оқушы материалды толық меңгергенше түсіндіруді қайталап тыңдай алады, себебі, мұғалімнің сабақты бірнеше рет түсіндіруіне мүмкіндігі жоқ. Сонымен бірге, бұл ЭО-ға суреттеліп берілген материалдар және «Хронология», «Глоссарий», «Тарихи тұлғалар» атты бөлімдер енгізілген. Бұл бөлімдерді анықтамалық және өзіндік білім көзі ретінде пайдалануға болады. Оқушының білім деңгейін бақылауды және өз-өзіне бақылау жасауды әр түрлі 25 интерактивті тапсырмалар арқылы анықтай алады. Электрондық оқулық арқылы білім алу күрделілігіне қарай үш деңгейлі 200 сұрақ қоры бар тестілеу жұмыстарын орындаумен аяқталады. Графикалық нәтижені тек оқушылар өздері ғана емес, олардың ата-аналары да талдай алады. Компьютерлік оқыту үрдісі барынша қызғылықты, балалардың оқу материалдарын толық меңгерулеріне қызығушылықтарын тудырады. Бұл электрондық оқулықтың 1.1 нұсқасы болып табылады.