Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған «Қазақстанның жаңа тарихы» электрондық оқулығы (ЭО) жалпы орта білім беретін Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандартқа сай өңделген. Модульдік технология бойынша құрылған ЭО оқу бағдарламасына сәйкес жасалып, «Қазақстан тарихы» пәнінің оқу-тәрбиелік міндетін және негізгі мақсатын іске асыруға мүмкіндік береді. Соның ішінде ғылым негіздерін, маңызды факторларды (саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени), тарихи үрдістерді басқа да салаларды оқытады. ЭО құрылымына мынадай тақырыптар (модульшелер) енгізіледі: • Қазақстанның Ресейге қосылуы; • Хандық биліктің жойылуы; • Отарлау езгісіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысы; • Қазақ жерінің Ресейге қосылуының аяқталуы; • 1867-1868 жж. реформалар; • Бірінші Дүниежүзілік соғыс. Электрондық оқулықтың мазмұны бұл бағдарламада оқушымен мұғалім-автордың жанды қатынас жасауы түріне құрылған. Оқулық материал 18 мультимедиалық жанбітірімдер көмегіне сүйеніп түсіндіріледі. Мұндай оқулықтың суреттеліп берілуі оқушының жаңа Қазақстанның қоғамдық даму мәселелерін жақсы түсінуіне және ойлануына көмектеседі. Сонымен бірге, бұл ЭО-да суреттеліп берілген материалдар және «Хронология», «Глоссарий», «Тарихи тұлғалар» бөлімдері енгізілген, бұлар анықтамалық және өзіндік білім көзі ретінде пайдалануға болады. Оқушының білім деңгейін бақылауды және өз-өзіне бақылау жасауды әр түрлі 30 интерактивтік тәжірибелік тапсырмалар анықтайды, оны орындауда оқушы өзінің теориялық білімін қажетті деңгейде бекітеді. Электрондық оқулық арқылы білім алу күрделілігіне қарай үш деңгейлі 200 сұрақ қоры бар тестілеу жұмыстарын орындаумен аяқталады. Графикалық нәтижені тек оқушылар өздері ғана емес, олардың ата-аналары да талдай алады. Компьютерлік оқыту үрдісі барынша қызғылықты, балалардың оқу материалдарын толық меңгерулеріне қызығушылықтарын тудырады. Бұл ЭО 1.1. нұсқасы болып табылады.