Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған «Қазақстанның ортағасыр тарихы» электрондық оқулығы (ЭО) жалпы орта білім беретін Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандартқа сай өңделген. Электрондық оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысына және оқу бағдарламасына сәйкес жасалған, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технология жағдайында жұмыс әдістеріне қосылған. ЭО оқытудың мазмұны модульдік технология бойынша «Қазақстанның ортағасыр тарихы» модульдерінен тұрады және оған төмендегідей бөлімдер (модульшелер) кіреді: • Алғашқы түрік мемлекеті; • Ортағасыр дәуірінде дамыған түрік мемлекеті; • Моңғолдардың жаулап алуы; • Ортағасырлық феодалдық мемлекет; • Қазақ хандығы. 24 жанбітірімдік және анықтамалық бөлімдер, «Хронология», «Глоссарий», «Тарихи тұлғалар» модульшелерде мазмұндалған, оқушылардың оқу материалдарын барынша жүйелі және терең меңгеруіне бағытталған. Осы мақсатта «Тарихи оқиғаға баға» батырмасы бар, сол арқылы оқушылар тарихи жағдайға немесе басқа жөнінде өз пікірін білдіруге мүмкіндік алады. Электрондық оқулық арқылы білім алу күрделілігіне қарай үш деңгейлі 200 сұрақ қоры бар тестілеу жұмыстарын орындаумен аяқталады. Графикалық нәтижені тек оқушылар өздері ғана емес, олардың ата-аналары да талдай алады. Компьютерлік оқыту үрдісі барынша қызғылықты, балалардың оқу материалдарын толық меңгерулеріне қызығушылықтарын тудырады. Бұл ЭО 1.1. нұсқасы болып табылады.