Информатика пәнінен 10 - сыныпқа арналған мультимедиялық оқытушы бағдарламасы (МОБ) Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ білім беретін және жалпыға міндетті Мемлекеттік стандартына сай өңделген. 10-сыныпқа арналған мультимедиялық оқытушы бағдарламасында: қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз ету, бағдарламалау әдістері, визуалды бағдарламалау жүйелері, компьютерлік графика, презентация құру әдістері мен құралдары сияқты тақырыптары қарастырылған. Мультимедиялық оқытушы бағдарлама 48 түсіндірмелік анимациялардан және көрсетілімдерден, сонымен қатар 5 разделден 26 интерактивті тапсырмалардан тұрады. Интерактивті тапсырмаларды орындау кезінде оқушының танымдық іс-әрекетін басқару функциясы толық түрде іске асырылады. Мультимедиялық оқытушы бағдарламасы оқу процесін жекешелеуге мүмкіндік береді және оқып – үйренуші қажет болған жағдайда слайдты тоқтатып, оның жеке көріністерін анықтап көре алады сонымен қатар келесі шығарылымдарды басқару мүмкіндігі бар. Оқу материалын меңгеру деңгейінде өзін - өзі тексеру үшін 200 тест сұрақтары құрылған. Мультимедиялық оқытушы бағдарлама үйден оқитындардың өзіндік жұмыс жасауына арналған.