Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған «Қазақстан тарихы» электрондық оқулығы (ЭО) жалпы орта білім беретін Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандартқа сай өңделген және «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына арналған. Аталған электронды оқулық оқушылардың тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірі мен сыртқы саясат саласындағы негізгі өзгерістері жәйлі кең мағлұмат береді. Оқулықта қазіргі заманға сай мультимедиалық технологиялардың пайдаланылуы және әртүрлі мазмұнда берілген көрнекі материалдар, сонымен бірге оқу материалын дәстүрлі емес формада түсіндіру оқушылардың тәуелсіз Қазақстан тарихын білуге деген қызығушылығының артуына ықпал етеді. Электрондық оқулықта барлығы 36 анимация және 2 бейнематериал берілген. Электрондық оқулықта «Деректер» бөлімі бар. Онда ҚР Конституциясы, ҚР заңдары және Президенттің Қазақстан халқына жолдауы енгізілген. Оны оқушылар қосымша танымдық білім көзі ретінде пайдалана алады. Бұдан басқа ЭО дамыта оқытуға бағытталған «Тарихи оқиғаларды бағалау» батырмасы бар. Бұл бөлімге кіру арқылы оқушылар осы елдің азаматтары ретінде, елде болған әртүрлі оқиғалар жәйлі өз пікірлерін білдіре алады. Интерактивті тапсырмалар оқушының Қазақстан тарихын жоғары деңгейде меңгеруге арналған қажетті білім мен дағдыларды алуына мүмкіндік береді. Оқулықта 1500 сұрақты қамтитын оқушыларды ҰБТ дайындауға бағытталған