Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған «Қазақстанның жаңа тарихы» электрондық оқулығы (ЭО) жалпы орта білім беретін Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандартқа сай өңделген. Модульдік технология бойынша құрылған ЭО оқу бағдарламасына сәйкес жасалып, «Қазақстан тарихы» пәнінің оқу-тәрбиелік міндетін және негізгі мақсатын іске асыруға мүмкіндік береді. Соның ішінде ғылым негіздерін, маңызды факторларды (саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени), тарихи үрдістерді басқа да салаларды оқытады. ЭО құрылымына мынадай тақырыптар (модульшелер) енгізіледі: • 1916 ж. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс; • Қазақстан Азамат соғысы және шетел интервенциясы жылдарында; • Қазақ КСР-нің құрылуы; • Қазақстан Ұлы Отан соғысында; • Ғылым академиясының ашылуы; • Тың игеру; • 1986 ж. желтоқсан оқиғасы; • Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы. Электрондық оқулықтың мазмұны бұл бағдарламада оқушымен мұғалім-автордың жанды қатынас жасауы түріне құрылған. Оқулық материал мультимедиалық жанбітірім көмегімен түсіндіріледі. Білімнің мұндай елестетілуі оқушыға көне Қазақстанның қоғамдық даму мәселелерін жақсы түсінуіне және ойлануына көмектеседі. ЭО-да барлығы 30 жанбітірім және 6 бейнематериал бар. Оқушының білім деңгейін бақылауды және өз-өзіне бақылау жасауды әр түрлі 32 интерактивтік тапсырмалар оқушының Қазақстан тарихы бойынша қажетті білімін бекіте түседі. Электрондық оқулық арқылы білім алу күрделілігіне қарай үш деңгейлі 200 сұрақ қоры бар тестілеу жұмыстарын орындаумен аяқталады. Графикалық нәтижені тек оқушылар өздері ғана емес, олардың ата-аналары да талдай алады. Компьютерлік оқыту үрдісі барынша қызғылықты, балалардың оқу материалдарын толық меңгерулеріне қызығушылықтарын тудырады. Бұл ЭО 1.1. нұсқасы болып табылады.