Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған «Қазақстанның көне тарихы» электрондық оқулығы (ЭО) жалпы орта білім беретін Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандартқа сай өңделген. Электрондық оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысына және оқу бағдарламасына сәйкес жасалған, жаңа ақпараттық технология жағдайында жұмыс әдістеріне қосылған. ЭО оқытудың мазмұны функционалдық-модульдік технологиясына сүйенеді және келесі тақырыптарға (модульшелерге) енгізіледі: • Адамның пайда болуы және дамуы; • Қазақстан аймағында адамның пайда болуы; • Рулық қауымдастықтың қалыптасуы; • Садақ, найза, бумерангтарды ойлап шығарылуы; • Неолит төңкерісі; • Мыстың ашылуы; • Қоланың ойлап шығарылуы және рулық қатынастардың ыдырауы; • Темірді игеру және ертедегі мемлекеттердің құрылуы. Электрондық оқулықтың мазмұны бұл бағдарламада оқушымен мұғалім-автордың жанды қатынас жасауы түріне құрылған. Оқулық материал мультимедиалық жанбітірімдердің көмегімен түсіндіріледі. Оқулықтың суреттеліп берілуі оқушыға көне Қазақстанның қоғамдық даму мәселелерін жақсы түсінуіне және ойлануына көмектеседі. ЭО-да барлығы 18 жанбітірімдер және 8 гипермәтін бар. Сонымен бірге, бұл ЭО-да суреттеліп берілген материалдар және «Хронология», «Глоссарий», «Тарихи тұлғалар» атты бөлімдер енгізілген. Бұл бөлімдер анықтамалық және оны өзіндік білім қайнары ретінде пайдалануға болады. Оқушының білім деңгейін бақылауды және өз-өзіне бақылау жасауды әр түрлі 25 интерактивтік, тәжірибелік тапсырмалар анықтайды, оны орындауда оқушы өзінің теориялық білімін қажетті деңгейде бекітеді. Электрондық оқулық бойынша оқыту тестілеуімен аяқталады, көрсетілген графикалық нәтижеге оқушылардың өзі ғана емес, сондай-ақ ата-аналары да талдау жасай алады. Бұл ЭО 1.1. нұсқасы болып табылады.