«Қазақ әдебиеті» пәніне арналған электрондық оқулық (ЭО) оқушылардың Алматы қаласындағы әдебиет пәнінің тәжірибелі мұғалімдерімен сұхбат сабағы болып танылады. ЭО Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен мектеп оқу бағдарламасына сәйкес жасалған. Электрондық оқулықтың мазмұны модульдік технология бойынша құрастырылады, сондықтан оқу ақпараттары «XIX–XX ғғ. әдебиеті» модулі бойынша әдебиеттанымдық білімдер жүйесінің жиынтығы негізінде берілген. Бағдарлама бойынша берілген әдебиеттанымдық тақырыптар, әдебиет теориясы, әдеби жанрлар (барлығы 21) түсініктемелері диктордың мәнерлі дыбыстауымен сүйемелдене отырып, мультимедиалық жанды анимациялармен түсіндіріледі. Мультимедиалық оқыту бағдарламасында білімдерінің нәтижесін тексеру үшін 35 интерактивті тапсырмалар қарастырылған. Бағдарламамен жұмыс жасау барысында әрбір тапсырманың дұрыс жауабын тапқанша бірнеше рет қайталап орындайды. Электрондық оқулықта тапсырмаларды орындау үшін мектеп бағдарламасына орай Ауыз әдебиетінің түрлері: лиро-эпостық жырлар, шешендік сөздер және қазақтың белгілі 25 ақын-жазушыларының шығармалары, қысқаша өмірбаяндары берілген. Оқулықта үйде немесе сыныпта таңдаған тақырыбына шығарма және ой-толғау (эссе) түріндегі шығармашылық жұмыстарын орындау ұсынылады, оны принтерден шығарып сақтауға болады. Электрондық оқулық арқылы білім алу күрделілігіне қарай үш деңгейлі тест жұмыстарын орындаумен аяқталады. Нәтижесіне тек өздері ғана емес олардың ата-аналары да көз жеткізеді. Бағдарлама мазмұны мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы түрінде жасалған. Сабақты мұғалім кейіпкер жүргізеді, ол үнемі оқушылармен өзара қарым-қатынас жасап, түсіндіріп отырады. Сондықтан компьютерлік оқыту үрдісі барынша қызғылықты, балалардың оқу материалдарын толық меңгерулеріне қызығушылықтарын тудырады.