Информатика пәні бойынша 7-сынып оқушылары үшін қазақ тіліндегі электрондық оқулық (ЭО) жалпы орта білім беретін мектептерге арналған және Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартына сәйкес дайындалған. ЭО-ты әзірлеудің модульдік технологиясы типтік оқыту бағдарламасы қойған «Информатика» пәнінің негізгі мақсаты мен оқыту-тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. ЭО -тың мазмұны оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінде компьютерлік техниканы еркін пайдалану машығын қалыптастыруға қажетті материалды қамтиды да ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану жағдайларында оқушыларды білім алуға дайындайды. Теориялық мағлұматтар анимациялық формада баяндалады. Оқу материалын мұндай көрнекілік түрде ұсыну пайдаланушы интерфейсі бағдарламаларымен жұмыс істеуді аса толық меңгертеді. Көру қатары мен дикторлық мәтін ақпараттың біртұтас ағынын құрайды да оны оқушыларға түсінікті логикалық тізбекпен және түсінікті ырғақ бойынша үлестік-қадамдық әдіспен береді. Бұл әдіс материалды жақсы игеруге мүмкіндік туғызады. ЭУ сондай-ақ нақты практикалық машықтарды қалыптастыруға бағытталған, мектептің компьютерлік білім беру бағдарламасында қарастырылған демонстрациялық және практикалық тапсырмаларды қамтиды. Алған білімдерді бекіту және оларды практикада қолдана білу 22 интерактивтік тапсырмалардың көмегімен орындалады. МОБ-пен жұмыс істеу кезінде оқушыларға қайта жауап беру мүмкіндігі беріледі де оқушы бірнеше рет талаптанғаннан кейін тапсырманың дұрыс нұсқасын орындап шығады. Оқу материалын меңгеру дәрежесін бақылау үшін жалпы базасы 180 тесті сұрақтарын құрайтын тестілердің көмегімен жүзеге асады. ЭУ оқушылардың үйде өздігінен жұмыс істеуі үшін арналған.