
- Наука и образование
- Электронные учебники
ХИМИЯ, 11 сынып
Электрондық оқулыққа аннотация
ХИМИЯ, 11 сынып, авторлық ұжым жасаған
Білімді ақпараттандырудың педагогикалық технологиясы орталығы, 2014 ж.
Авторлық ұжым:
Пәндік білімдер саласының мамандары: Жакирова Н.Қ. х.ғ.к., доцент, Жандосова И.
Педагогикалық жобалау: Нұрғалиева Г.К., п.ғ.д., профессор,
Тәжіғұлова А.И., п.ғ.д., доцент,
Менеджері: Бакірбаева Н.Е.,
Жетекші бағдарламашы: Чамлай М.
Электрондық оқулық 2013 жылғы білім және ғылым министрлігі бекіткен Мемлекеттік бағдарламаға сай жасалған. Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының осы бағдарламаның мұғалім-авторымен тікелей қарым-қатынасы түрінде құрастырылған. Оқу материалдары мультимедиялық анаимациялар көмегімен түсіндіріледі. Білімді осындай құралмен көрсету оқушыға заттар мен қосылыстардың кеңістіктегі құрылымын, олардың әрекеттесуінде жүретін химиялық процестердің жақсы түсінуге көмектеседі. Бағдарламада барлығы 42 түсіндірілім.
Оқушы материалды толық игергенше түсіндірілімді тыңдауы маңызды болып табылады, мектепте сабақ барысында ондай мүмкіндік бола бермейді, бір оқушыға бір ғана материалды бірнеше рет мұғалім түсіндірмейді.
Виртуалды зертханалық жұмыстар оқушыны реалды зертханада тәжірибе жасауға дайындап қана қоймайды, сонымен қатар, оқушы өздігінен химиялық процестерді көріп, әрбір жұмысқа қатыса алады. Барлық оқушыға бірдей тәжірибелерді көруге және орындауға жағдай жасалады. Осы оқулықтың көмегімен оқушы виртуалды химиялық тәжірибелерд арқылы өткен материалды бекітіп, үйде жүргізуге мүмкіндік алады. Барлығы 17 зертханалық және 9 тәжірибелік жұмыстар қарастырылған.
Бағдарламада химия бойынша алған білімін интерактивті тапсырмалар, сандық есептеулер мен тақырыптық бақылаулар көмегімен бекіту қарастырылған.
Оқулықта 295 интерактивті тапсырма қарастырылған. Барлық тапсырмалар күрделік деңгейіне қарай бөлінген, атап көрсетсек:
- Бірінші деңгей оқушыға өткен материалды бекітуді және теориялық тапсырманы түрліше: жазу, қатынас, дұрыс жауапты таңдау түрінде ұсынады. Тапсырмалар ашық иллюстрациялар мен анимациялармен беріледі. Барлығы 245 тапсырма берілген;
- Екінші деңгей оқушыны ойлау әрекетіне дайындайды және күрделі емес есептерді шешуді ұсынады. Барлығы 35 тапсырма берілген;
- Үшінші ең күрделі деңгей, онда творчестволық есептерді шешу ұсынылады, оқушы көмекші материалдарды пайдаланып дұрыс жауап табады. Барлығы 15 тапсырма берілген;
Сандық есептеулер көмегімен оқушы формулалар конструкторы мен санау есептерін шығарып жаттығуға мүмкіндік болады. Барлығы 30 есеп берілген.
Тақырыптық бақылау өткен материалды пысықтауға есептелген. Интерактивтік тапсырмалардан өзгешелігі, тақырыптық бақылау оқушыны бақылау жұмыстарын шешуге дайындайды және интерактивті тренажер болып табылады. Барлығы 42 тапсырма берілген.
Өз кезегінде «Бақылау жұмыстары» бөлімінде жауап варианттары болмайды. Бұл жағдайда жауаптар көмек көзі болып табылады. Бақылау жұмыстары сыныпта орындалады, оқушы шешуін мұғалімге тексеруге береді.
ЭО оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған тест тапсырмалары келтірілген.
Оқу материалын игеру дәрежесін бақылау мақсатында тест көмекке келеді, оның жалпы базсына 250 тест сұрақтары енген. Сонымен бірге, оқулықта ҰБТ тапсыруға оқушыны дайындау үшін де тест қарастырылған. Базада 225 сұрақ.
Электрондық оқулық мектепте химия сабағына да, үйде өздігінен оқушы жұмыс істеуге де арналған. Сонымен қатар, оқулыққа бақылау жұмыстары, үй жұмыстары, ҰБТ тест варианттары бойынша да мұғалімге жақсы көмекші құрал ретінде керек.

