Бастауыш мектептер үшін электрондық оқулық пәндік ақпараттық-білімдік ортаны, мұғалім үшін
қалай болса, оқушы мен оның ата-анасы үшін дәл сондай біртұтастықта қамтамасыз етеді. «Қазақ
тілі», 2-сыныпқа арналған электрондық оқулық оқушыларда тіл туралы тұтас ғылыми ұғым
қалыптастыру, тіл ғылымы туралы негізгі ережелерді меңгерту мақсатына негізделген. Берілген
оқу материалдары мультимедиалық анимациялардың көмегімен түсіндіріледі. Барлық оқулықтар
анимация, көрнекі суреттер мен, кесте, үлгі және бейнематериалдың көмегімен сюжеттік,
ойындық, визуалдық түрде жасалғандықтан, бастауыш мектеп оқушыcы оңай есте сақтай алады.
Материалдың көрнекілігі оқушының көру, есту, сезіну және түйсіну арналарының әсері арқылы
қабылдауын және игеруін арттырады. Жақсы көңіл күймен басталған сабақ оқушы назарын, зейінін
бірден аударады. Оқушының жалығуына жол бермейді. Оқулықта грамматиканы дамыта оқыту
ұстанымдары басшылыққа алынып, грамматикалық ұғымдардың мазмұны мен көлемі соған сәйкес
ерекшелікпен беріледі. Электрондық оқулықта барлық түсіндірмелер табиғатпен, тақырыпқа сәйкес
жыл мезгілдерімен байланысты түсіндіріледі. Электрондық оқулықта оқушының білім алуына іс-
әрекет тәсілдерін меңгеруде өз бетімен жұмыс жасау қабілеті ерекше ескерілген. Электрондық
оқулықта маңыздылығы оқушы қажетті оқу материалдарын толық меңгергенше қайталап тыңдап,
түсінуіне болады. Сондай-ақ оқулықта алған білімдерін интерактивті тапсырмалар мен тест
жұмыстары арқылы тексеруіне мүмкіндік бар. Оқушы есіне сақтауға лайық ережелер жинағы,
білген, ұққан білімдерін тиянақтауға үй жұмысы қарастырылған. Бастауыш сынып оқушысын
ғылыми ізденіске баулу мақсатында жобалық іс-әрекет, шығармашылық жұмыстар қамтылған.
Жалпы «Қазақ тілі» пәні бойынша функционалдық сауаттылығын электрондық оқулықта берілген
тапсырмалар бойынша тексеріп, бекітеді. Электрондық оқулық бастауыш сынып оқушыларының
мектепте қазақ тілі сабағында, үйде өз бетінше жұмыс істеу үшін пайдалануға ұсынылады.