Электрондық оқулық (ЭО) Қазақстан Республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сай дайындалған. Бұл оқулық Қазақстан Республикасында тұратын қазақ және басқа халықтардың мәдени құндылықтарын түсіне білуге бағытталған. Оқулықтың негізгі мақсаты – музыкалық сауаттылық негізін қалыптастыру, қазақ халқының әндік және аспаптық өнері жайлы және оның өмірмен байланыстылығы, ұлттық би музыкасы туралы білімдерін қалыптастыру. ЭО төмендегідей модульдер мен тақырыптардан тұрады: 1. Нота сауаттылығының сырлары 2. Менің халқымның сүйікті әндері 3. Халық аспаптарының әуендері 4. Халықтық би ырғақтары Оқушы әр модульді ашып, түсініктерді тыңдап, өз білімін интерактивті тапсырмалар орындау арқылы бекітіп отырады. Білімдерін тексеру тест көмегімен орындалады. ЭО-дағы «Тыңдаймыз» функциясы-нан халық және кәсіпқой сазгерлердің шығармаларын тыңдауға болады. «Орындаймыз» функциясы әндерді үйренуге көмектеседі.