МОБ «Адам ағзасының құрылысы мен қызметі», «Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі», «Сезім мүшелері», Тірек-қимыл аппаратының құрылысы мен маңызы», Ағзаның ішкі ортасы», Ағзаның жүрек-қантамыр жүйесі», «Тынысалу жүйесі», «Асқорыту жүйесі», «Зәршығару жүйесі» бөлімдерінен тұрады. МОБ алуан түрлі анимацияларды, анатомиялық терминдер мен түсініктер туралы әдістемелік және анықтама материалдарды, мүшелер мен мүшелер жүйесінің кестелерін, интерактивті тапсырмалар мен зертханалық жұмыстарды, әр модульге арналған қорытынды тест жұмыстарын қамтитындықтан, қосымша оқыту әдісі, дидактикалық материалдар көзі ретінде де, оқушылардың өзіндік жұмысына, сонымен қатар талапкерлердің мемлекеттік емтихандарды тапсыру кезінде де пайдаланылуы мүмкін. «Биология 8-сынып» МОБ жоғары сынып оқушыларына анатомиялық білімдер мен ұғымдардың қалыптасуына, табиғатқа қызығушылықтарын арттыруға, қоршаған ортаға қамқоршы болуға тәрбиелеуге септігін тигізеді.