
- Наука и образование
- Электронные учебники
Казахский язык для 10 класса естественно-математическое направление
Орыс тілінде оқытатын мектептердің 2-11 сыныптарына арналған қазақ тілі бойынша мультимедиалық оқыту бағдарламасының сипаттамасы Мультимедиалық оқыту бағдарламасы Қазақстан Республикасының "Тіл туралы" Заңы, "Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей стандарты», «Оқу орыс, ұйғыр, өзбек тілдерінде жүргізілетін мектептерге арналған Қазақ тілі бағдарламалары" (2-11 сыныптар үшін, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, 2003 ж. Авторлар тобы: Адамбаева Ж.А., Сариева К.Н. т.б.) негізінде жасалды.
Аталған стандарт, оқу бағдарламаларының мазмұндық бағыттары әдіснамалық басшылыққа алынып, мультимедиалық оқыту бағдарламасының негізгі тұжырымдары анықталды.
Атап айтқанда:
- қазақ тілінде сөйлеу білік-дағдыларын қалыптастыру, яғни тілдің қарым-қатынастық қызметін меңгерту;
- тілдік білім жүйесін танып білу, яғни тілдің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік құрылымын, стилистикалық ерекшеліктерін танып білу;
- танымдық біліктілік, яғни қазақ халқының материалдық, рухани және тарихи-мәдени байлығын тіл арқылы таныту.
Мультимедиалық оқыту бағдарламасының мақсаты - оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектеп оқушыларының бастауыш мектепте алған білімін жалғастырып, 5-11-сыныптар арасындағы білім мазмұнын, "қоршаған орта" тақырыптары арқылы грамматикадан практикалық түрде алған білімдерін мультимедиалық үйрету құралы арқылы игерту болып саналады.
Осы мақсаттарды жүзеге асыруда қойылатын міндеттер:
- күнделікті тұрмыста, әлеуметтік ортада қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға үйрету;
- қазақ тілінде айтылған, жазылған сөздерді тыңдай білу, ұғыну, түсіну, сөйлесе білу (диалог), ауызша және жазбаша сөйлеу (монолог), дұрыс оқу, дұрыс жазу, дұрыс айту дағдыларын меңгерту;
- оқу мәтіндерін аудармасыз түсінуге жұмылдыру;
- сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерді пайдалана алу;
- қазақша ойлауға, қазақша сөйлеу желісіне, қазақша сөйлеу әуезділігіне жету, үлгіні қолданбай, жетексіз, өз бетінше сөйлеуге, жазуға, оқып айтуға дағдыландыру;
- қазақ тілі этикасын түсіндіру, оны қолдануға үйрету;
- дыбыс, сөз, олардың мағыналары, сөздердің сөйлем болып құрылуындағы тұлғалық өзгерістер мен сөзжасамдар, жай сөйлем, емлелік және тыныс белгілік сауаттылық сияқты тіл құрылысын білімдік сипатта біліп, игерту;
- тәрбиелік міндеттерді шешуге ұмтылдыру;
- танымдық мазмұн-мәнін жүзеге асырып отыру;
Әр сыныптың білім мазмұны төмендегідей ұстанымдар негізінде құрылды:
1. Лексикалық минимумды тақырыптық тұрғыдан сұрыптап ұсыну.
2.Тілдік материалды оның функционаддық қатынастың қажеттілігі тұрғысынан таңдап, жіктеп, ішкі сабақтастықта желілік жүйеде беру.
3. Дидактикалық ұстаным: оқу материалдарын қарапайым тілдік құбылыстардан күрделіге қарай, дарадан жалпыға, жекеден тұтасқа, нақтыдан дерексізге қарай, сондай-ақ дедукциялық бағытта құру, жалпыға түсінікті
ету мақсатында мәтіндерді ықшамдау, өзгерту, түрлендіру, екшеп сұрыптау.
4. Психологиялық ұстанымдар: оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ойлау ерекшеліктеріне, мотивтері мен қызығушылықтарына, еске сақтауға негіздеу, дамыта оқытудың жеке тұлғаға бағдарлану мұратын ескеру.
5. Пәнаралық байланыс ұстанымдары: орыс тілмен салыстыра ойлауды, сөйлеуді пайдалану; тарих, география, әдебиет, көркемөнер, т.б. пәндермен тиімді байланыстыруды жүзеге асыру.
6. Тәрбиелік ұстанымдар: Қазақстан Республикасын, халықтар бірлігін, этно-мәдени түтастықты қүрметтеу, қазақ халқының тілдікдүрмыстық-мәдени этикасын, ізгілікті рухын сезіну, оларға өзінің қатыстық және қатынастық
мәдениетін баулу.
7. Танымдық ұстанымдар: қоршаған орта, қоршаған дүние, Қазақстан географиясы, тарихы, мәдениеті, әдебиеті, қазақ халқының салт-дәстүрлері, тағы басқа ізгі құндылықтар мен қасиеттерді таныту тұрғысынан білім мазмұнын құру, оқу үрдісін жүргізуді жобалау.
Қазақ тілін ірі тақырыптар бойынша оқыту оқушылар сана сезімінде оқу материалдарының тіл мен дүние тұтастығында қабылдануын қамтамасыз ету үшін ойластырылған.
2-11сынып білім мазмұны бес буыннан құрылған:
1. Танымдық тақырыптар.
2. Тілдік білім (лексикалық және грамматикалық минимум).
3. Сөйлеу үлгілері.
4. Сөйлеу әрекетінің 4 түрі (тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу).
5. Сөздік қор.

